
15.02.2025ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының кураторы Гульшат Аманжоловна өзінің Деректер туралы ғылым мамандығының 22-08 тобы, 3 курс,орыс тобы студенттерімен Кедейлікті жою атты дөңгелек стол өткізді.
Кедейлік – бұл тек материалдық жетіспеушілік қана емес, сонымен қатар адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы, білім мен медициналық қызметтерге қол жеткізе алмауы, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал болуы. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ішіндегі ең маңыздысы – ТДМ-1 «Кедейлікті жою», ол барлық елдерде, барлық адамдар үшін кедейшілікті жоюды көздейді.
Бұл мақсат әлемдік қауымдастықтың назарын кедейлікпен күреске аударып, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Студенттердің Тұрақты даму мақсаты №1 бойынша келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет бойынша ашып айтып, талқылап айттылды.
1.Кедейліктің барлық түрлерін жою
2030 жылға дейін әлемде күнкөріс деңгейі халықаралық кедейлік шегінен (күніне 2,15 АҚШ доллары) төмен адамдардың санын нөлге дейін қысқарту.
2. Кедейлікті азайту
Ұлттық анықтамаларға сәйкес, халықтың кедейлік деңгейін едәуір төмендету. Әсіресе, әйелдер, балалар, мүгедектер, қарттар сияқты әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлу.
3. Әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту
Кедейлер мен осал топтар үшін әлеуметтік көмек пен сақтандыру жүйелерін дамыту, ең төменгі өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
4. Ресурстарға қолжетімділікті арттыру
Кедейлер мен осал топтарға негізгі қызметтерге, жерге меншік құқығына, қаржы қызметтеріне, оның ішінде шағын несиелерге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
5.Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық төзімділікті арттыру
Экономикалық күйзелістер, табиғи апаттар мен әлеуметтік дағдарыстар салдарынан кедейлікке ұшыраған адамдарды қолдау шараларын күшейту.
Ұйымдастырушы: Куратор Амирханова Гульшат Аманжоловна
Басқа жаңалықтар

