- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы
.jpg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне шетелдік тыңдаушыларды iрiктеу шетелдiктердiң тiлдiк және жалпы бiлiм беру дайындығы кафедрасында белсендi түрде жүргiзiлетiн кәсiптiк бағдарлау жұмысынан басталады. Олар жоғары оқу орнына дейiнгi бiлiм беру факультетiнде тiл (қазақ/орыс) үйренгеннен кейiн университеттің қандай-да бір факультетінде оқуын жалғастырғылары келедi.
Осылайша, куратор-эдвайзерлер ТМД 4 бағыты «Сапалы білім беру» мақсаты аясында оқытудың бастапқы және жалғастырушы деңгейіндегі шетелдік студент-тыңдаушылар үшін кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер өткізіп, ҚазҰУ мұражайына экскурсиялар ұйымдастырып, университет туралы көбірек ақпарат беретін түрлі іс-шаралар өткізеді. Аталған іс-шараларда куратор-эдвайзерлер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де одан әрі оқудың артықшылықтарын түсіндіреді.
Қазiргi уақытта ҚазҰУ ғылыми зерттеулермен неғұрлым тереңдете айналысуға бағыт алды. ҚазҰУ тек жоғары оқу орнына ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығына да айналуда. Студенттер бірінші курстан бастап білім алып қана қоймай, ғылыми жобаларға, конференцияларға қатысып, өз жұмыстарын жариялау мүмкіндігіне ие болады. Ғылым - Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы. Университетте жоғары білікті оқытушылар, академиктер, профессорлар, доценттер, ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс істейді. Университетте оқытылатын мамандықтардың кең ауқымдылығы әрбір студентке біздің университетке түсуге мүмкіндік береді.
Қазмағамбетова А.С. филол.ғ.кандидаты. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Басқа жаңалықтар

