Тарихқа үңілу: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына экскурсия
.jpg)
Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) зерттеу және ілгерілету аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетелдік студенттердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ПГ-8, ПГ-9, ПГ-12, ПГ-17 тыңдаушылары университет мұражайына ұмытылмас экскурсия жасады.
Куратор-эдвайзерлер, аға оқытушылар – Мацко И.В., Туребекова Р.С., Мусаева Г.А. және Мамытбекова Л.К. жетекшілігімен студенттер елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ҚазҰУ-дың бай тарихы мен мәдени дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл саяхат олардың тарихи құжаттармен, сирек кездесетін жәдігерлермен, ежелгі әшекейлермен және университеттің мәдени құндылықтарымен жақынырақ танысып, дүниетанымын кеңейтуіне ықпал етті.
Университеттің тарихи және мәдени құндылықтарын сақтаушы мұражай қонақтарды жылы қарсы алды. Мұражай қызметкері Касымова Б.А. қызықты экскурсия өткізіп, оқу орнының қалыптасу кезеңдері, оның миссиясы мен мәдени мұра үшін маңыздылығы туралы жан-жақты баяндады. Экскурсия барысында тек университеттің өткені ғана емес, сонымен қатар оның қазіргі жетістіктері мен тұрақты даму перспективалары да таныстырылды.
Мұражай экспозициясы үш кең залда орналасқан: Тарих галереясы, Даңқ залы және Университеттің тұрақты даму залы. Студенттер ғылым мен спортта биік белестерді бағындырған түлектер – Олимпиада чемпиондары мен ғылыми жетістіктерімен танылған түлектердің өмір жолына ерекше назар аударды. Олардың табысты оқиғалары жаңа ұрпаққа шабыт сыйлап, ынталандырады.
Университет тарихын таныстыру және оның мәдени мұрасын насихаттау жастардың білім беру бағдарламалары мен мәдени институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Тәжірибелі оқытушылар мен мұражай қызметкерлерінің жетекшілігімен ұйымдастырылған экскурсия университеттің түрлі құрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті. Оқытушылар, студенттер мен мұражай қызметкерлерінің бірлескен жұмысы – білім және мәдени алмасу арқылы тұрақты дамуға қол жеткізудің жарқын үлгісі.
Осылайша, экскурсия білім беру үдерісін тарихи мұрамен, мәдени құндылықтармен және дәстүрлерді құрметтеумен байыта отырып, студенттердің білімін арттырып қана қоймай, мәдени тұрақтылықты, азаматтық сананы және серіктестік қатынастарды нығайтуға ықпал ететін маңызды шараға айналды. Бұл тұрақты даму мақсаттарының төртінші қағидаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келеді.
Мамытбекова Л.К., Туребекова Р.С. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Басқа жаңалықтар

