- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Амангелді Қуанбайұлы Бисенбаев "Әл-Фараби алтын медалі" иегері атанды
Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Амангелді Қуанбайұлы Бисенбаев "Әл-Фараби алтын медалі" иегері атанды
3 сәуір, 2025

Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Амангелді Қуанбайұлы жоғары ғылыми жетістіктері мен білім беру саласына қосқан ерекше үлесі үшін "Әл-Фараби алтын медалі" марапатына ие болды. Бұл құрметті марапат Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы жоғары жетістіктері үшін беріледі.
Амангелді Қуанбайұлының ғылыми-зерттеу еңбектері молекулалық биология және генетика саласындағы жаңа бағыттарды дамытуға және жас ғалымдарды тәрбиелеуге зор ықпалын тигізуде. Оның жетекшілігімен жүзеге асырылған зерттеулер халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, генетикалық зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосты.
Кафедра ұжымы Амангелді Қуанбайұлын шын жүректен құттықтап, оған жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді!
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025