Халықаралық және академиялық ынтымақтастықFarabi University

Халықаралық және академиялық ынтымақтастық

1 сәуір, 2025

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушылары осы уақыт ішінде халықаралық және академиялық ынтымақтастық аясында шетел университеттерімен, соның ішінде Еуропа, Азия елдерінің жоғары рейтингті оқу орындарымен көптеген келісім-шарттар жасасты. Университет ғалымдары өндірістік міндеттердің ғылыми негізделген шешімдерін және кәсіпорындардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, жетекші сала мамандарымен белсенді жұмыс істейді. Осындай ғалымдардың қатарында Чжэцзян университетінің (Қытай) PhD докторы, профессор Шадиев Р. мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н.Керімбаев бірнеше жыл қатарынан бірлесіп ғылыми жұмыс істеп келеді (1-сурет). Ынтымақтастық құра отырып бірнеше ғылыми инновациялар мен ғылыми еңбектер Scopus және WoS базаларында жарық көруде. Сонымен қатар, отандық гранттық жобалар аясында бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

  

Чжецзян университеті, Білім беру колледжі

       24.02.2025-24.03.2025ж. аралығында докторант Адамова Қ.А. Қытай Халық Республикасы, Ханчжоу қаласы,  Чжецзян университетінде Білім беру колледжінің күндізгі профессоры Шадиев Рустамның шақыруы бойынша дәстүрлі түрде ғылыми тағылымдамадан өтті (2-сурет). Ғылыми тағылымдаманың барысында диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша мәліметтер жинақтау, Чжецзян университетінің профессоры, шетелдік ғылыми кеңесші Шадиев Рустамнан кеңес алу, сондай-ақ Білім беру колледжінің зерттеу жұмысының бағыттарымен танысуға бағытталды. Сонымен қатар университеттің негізгі жұмысымен, басқа да магистр және PhD студенттердің зерттеу жұмыстарымен таныстырылым болды. Тағылымдамадан өту барысында жоғарыда аталғандардың бәріне қол жетімділік ұйымдастырылды.

Чжецзян университетінің негізі 1897 жылы құрылған. Балтық елдеріндегі ең көне техникалық университет болып саналады. Ол Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында орналасқан. Қазіргі атауы 1998 ж. берілді. Университетте 140-тан астам бакалавриат және 300 магистратура бағдарламаларын ұсынатын  7 факультет, 37 колледж, мектептер және кафедралар бар. Аталған университетте Қытай ғылым академиясы және Қытай инженерлік академиясының 52 мүшесі жұмыс жасайды. Жаһандық деңгейде ZJU 2023 жылғы Әлемдік университеттердің академиялық рейтингінде 33 орында, QS World University Rankings 2024 бойынша 44 орында.

      Чжэцзян университетінің кітапханасы Қытайдағы ең көне университет кітапханаларының бірі болып табылады (3-сурет). Кітапханаларда қорында Чжецзян университетінен бөлек Қытай Халық Республикасының университеттеріңің және шет елдік ғылыми жазбалар мен кітаптарға қолжетімділік бар. Кітапханада білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Жеке кабинетте немесе оқу залында барып жұмыс жасауға болады. Барлық кітапханаларда білім алушылар зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.

       Тағылымдама барысында ғылыми кездесулер өткізіліп, зерттеу әдістері мен қазіргі академиялық тенденциялар талданды. Отандық және шетелдік жетекшілермен бірлесіп, зерттеу жұмысының мақсаттарына сәйкес жеке жоспар жүзеге асырылды. Тағылымдадан өту барысында жетекшімен және университет арасында достық терең қарым қатынас орнатуға септігін тигізді. Тағылымдамадан өту барысында құнды тәжірибелер жинақталды.