Қоршаған орта және біз: экологиялық мәдениет

2025 жылдың 3 сәуірінде «7M02312 Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1-курс магистратура студенті Бекмырзақызы Анар педагогикалық практика аясында «6B02303 Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 3-курс студенттеріне аға оқытушысы Алимбаева Адилияның және топтың куратор-эдвайзері Дайрабекова Гулсиманың басшылығымен «Қоршаған орта және біз: экологиялық мәдениет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – құрлық экожүйелерін сақтау тақырыбына арналды.
Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаға қатысты жаһандық мәселелер, экожүйелердің бұзылуы, оның салдары және тұрақты даму принциптері туралы мағлұмат алды. Тәрбие сағаты интерактивті форматта өтті. Студенттерге арнайы презентация ұсынылып, экологиялық ахуал туралы деректер мен шешу жолдары талқыланды. Талқылау барысында қатысушылар экожүйені сақтау жолдары, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатты қорғау бағытындағы жеке бастамалар туралы пікір алмасты.
Шараның ерекше сәті – университетімізде 50 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан, ҚазМУ доценті, беделді оқытушы Сүлейменова Гүлсүм Сейлханқызының қатысуы болды. Ол қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы өз ойын бөлісіп, студенттерге экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы туралы құнды кеңестер берді.
Ашық тәрбие сағаты студенттер тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болып, белсенді талқылаумен аяқталды. Іс-шара соңында студенттер экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында өз ұсыныстарын білдіріп, табиғатты қорғау бағытында жеке үлес қосуға ниетті екендерін жеткізді. Қорытындылай келе, бұл шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты аялауға деген ынтасын күшейтуге және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар:
«7M02312 Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс магистранты
Бекмырзақызы А.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары
Сүлейменова Г.С.
Алимбаева А.Т.
Дайрабекова Г.К.
Басқа жаңалықтар


