- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да цифрлық технологиялар саласындағы маңызды кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да цифрлық технологиялар саласындағы маңызды кездесу өтті

2025 жылдың 12 наурызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Компьютерлік ғылымдар зертханасында цифрлық технологиялар саласындағы маңызды кездесу өтті.
Кездесуге факультет пен кафедра басшылары, Пекин Наурыз цифрлық технологиялар зерттеу институтының директоры Ян Фэй мырза және Қазақстан цифрлық экономика индустриялық паркінің директорлар кеңесінің мүшесі Сламбол Оркеш мырза қатысты.
Жиналыс барысында Ян Фэй мырза өз институтының ғылыми жетістіктері мен даму мүмкіндіктерін таныстырып, ҚазҰУ-пен бірлескен үш жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жол картасын ұсынды. Кездесу барысында тараптар цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасып, нақты қадамдарды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша үш тарап ортақ келісімге келіп, алдағы уақытта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірлескен жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруға уағдаласты.
Аталған кездесу – университеттің халықаралық және индустриялық серіктестік аясын кеңейту жолындағы тағы бір маңызды қадам.
Басқа жаңалықтар

