Тұрақты даму мақсаттары және нанотехнологиялардың рөлі

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – игілікті жақсартуға және ғаламшарымызды қорғауға бағытталған әрекетке шақыру.
2025 жылдың наурыз айының басында педагогикалық практика аясында химиялық физика және материалтану кафедрасының «8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» және «8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтарының докторанттары 3-курс студенттеріне «Нанотехнологиялардың тұрақты даму мақсаттарына жетудегі рөлі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Докторанттар өздерінің презентациясында нанотехнологияларды қоршаған ортаға кері әсерлерді жою мақсатында тиімді қолданудың түрлі жолдарын көрсетті.
Студенттерді 4 топқа бөліп, Қазақстан қалаларының экологиялық мәселелерін талқылау үшін (Алматы, Өскемен, Атырау, Арал) арнайы тапсырма берілді. Олар қоршаған ортаның ластану мәселелерін талқылап, осы қалалардың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын әзірледі.
Дискуссия байқау форматында өтті, ең үздік шешімдер ұсынған командалар сыйлықтармен марапатталды.
Осындай форматтағы іс-шаралар жастардың белсенділігі мен экологиялық мәселелерді шешуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Бұл бастама Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Тұрақты даму мақсаттарының міндеттеріне сәйкес келеді.
д.х.н., профессор
Химиялық физика және материалтану кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Р.Г. Абдулкаримова
Басқа жаңалықтар


