
ТМД 4 (Әлеуметтік жауапкершілік) және ТМД 3 (Экологиялық жауапкершілік) аясында наурыздың 15-і күні өмірдің жаңа циклі мен табиғаттың жаңаруын бейнелейтін көктем мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында әл-Фараби университетінің басшылығы университет көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Оған барлық факультеттердің профессорлық-оқытушылар құрамы, соның ішінде химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары қатысты. Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының оқытушылары PhD, аға оқытушы Литвиненко Ю.А., Умбетова А.К., Иминова Р.С. Қайралапова Г.Ж.; PhD, профессор м.а Құдайбергенов Б.М.; PhD, аға оқытушы Елибаева Н.С.; оқытушы Асылханов Ж.С. университеттік сенбілікке белсене қатысты Сенбілік күннің мақсаты – университет оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік рухы мен ұйымшылдығын нығайту, бұл академиялық ұжымның өзара әрекеттесуін жақсартуға ықпал етеді. Кафедра оқытушылары өз кезегінде экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаға қамқорлық танытуда белсенділік танытып, көктем мен жаңғыру мерекесінің символикасын оқу үдерісіне енгізуге қуанышты болды. Сонымен қатар, сенбілікке қатысу қызметкерлердің дене белсенділігі мен ұжымдық рухын арттырды, бұл да салауатты өмір салты қағидаттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, университет аумағының сыртқы келбеті мен жағдайын жақсарту студенттердің, оқытушылардың және университет қонақтарының жайлы болуына ықпал етеді.
Ендеше, еңбек адамды асқақтатады, ал тазалық – денсаулық кепілі, сондықтан Наурыз мейрамындағы сенбілік мәдени, әлеуметтік және экологиялық мақсаттарды біріктіретін әрі символдық, әрі практикалық іс-шара бола алады.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025