- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мобилография бойынша мастер-класс: Смартфон көмегімен сапалы контент құру және табыс табу жолдары
Мобилография бойынша мастер-класс: Смартфон көмегімен сапалы контент құру және табыс табу жолдары
Тұрақты дамуды іске асыру мақсатында
27 наурыз күні сағат 14:00-де университетіміздің 4 жылдық тәжірибесі бар түлегі, мобилография саласының маманы Ғинаят Нұрсәт мастер-класс өткізді.
Шара барысында мобилографияның қазіргі нарықтағы рөлі, бұл саланың ашатын мүмкіндіктері, сондай-ақ тек телефон арқылы сапалы контент жасап, тұрақты табыс табу жолдары талқыланды.
Мастер-класста қатысушылар:
✅ Мобилографияның маңыздылығын, оны бизнес пен жеке брендті дамытуда қалай қолдануға болатынын түсінді.
✅ Смартфон арқылы кәсіби деңгейде видео түсірудің негізгі қағидаларын меңгерді.
✅ Телефон камерасын барынша тиімді пайдалану әдістерін үйренді.
✅ Ай сайын мобильді видео түсіру арқылы қанша табыс табуға болатыны туралы нақты мысалдармен танысты.
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Басқа жаңалықтар

