Мобилография бойынша мастер-класс: Смартфон көмегімен сапалы контент құру және табыс табу жолдарыFarabi University

Мобилография бойынша мастер-класс: Смартфон көмегімен сапалы контент құру және табыс табу жолдары

6 сәуір, 2025

Тұрақты дамуды іске асыру мақсатында

27 наурыз күні сағат 14:00-де университетіміздің 4 жылдық тәжірибесі бар түлегі, мобилография саласының маманы Ғинаят Нұрсәт мастер-класс өткізді.  

Шара барысында мобилографияның қазіргі нарықтағы рөлі, бұл саланың ашатын мүмкіндіктері, сондай-ақ тек телефон арқылы сапалы контент жасап, тұрақты табыс табу жолдары талқыланды.  

Мастер-класста қатысушылар:  
✅ Мобилографияның маңыздылығын, оны бизнес пен жеке брендті дамытуда қалай қолдануға болатынын түсінді.  
✅ Смартфон арқылы кәсіби деңгейде видео түсірудің негізгі қағидаларын меңгерді.  
✅ Телефон камерасын барынша тиімді пайдалану әдістерін үйренді.  
✅ Ай сайын мобильді видео түсіру арқылы қанша табыс табуға болатыны туралы нақты мысалдармен танысты.  

Кездесу жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.