ТДМ 4. Сапалы білім беруFarabi University

ТДМ 4. Сапалы білім беру

4 сәуір, 2025

2025 жылғы 3–5 сәуір аралығында «Фараби әлемі» халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерден студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылды.

4 сәуірде өткен секциялық мәжілісте "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар" білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенті Құдайбергенова Г.Б. «Радиофизика және электроника. Астрономия» секциясында «Алматыда жер сілкінісін ерте анықтау құрылғысы» тақырыбындағы баяндамасымен I орын алып, кейін факультеттік деңгейде де I орынға ие болды.

Ол өз зерттеуінде алғашқы сейсмикалық толқындарды анықтап, халықты дер кезінде ескертуге мүмкіндік беретін нейрондық желіге негізделген құрылғыны ұсынды. Жұмыс сейсмикалық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Сқабылов Әлішер Әлиұлы.

Жеңіспен құттықтай отыра,  шығармашылық табыс тілейміз!