- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 – «Сапалы білім беру». Тағамдық химия және технология мамандығының студенттері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиялары және сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығында» тәжірибе алмасып қайтты
ТДМ 4 – «Сапалы білім беру». Тағамдық химия және технология мамандығының студенттері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиялары және сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығында» тәжірибе алмасып қайтты

ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» аясында тәжірибе алмасу есебі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі болып табылатын ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Тағамдық химия және технология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері 2025 жылдың сәуір айында «Жалпы химиялық технология» пәні бойынша Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Тағам өнімдерінің технологиялары және сапасы» ғылыми-білім беру инновациялық орталығына тәжірибе алмасуға барды. Іс-шараны ұйымдастырған – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Г.Ж. Жақсылықова.
Аталған тәжірибе алмасу барысында студенттер ғылыми-білім беру орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, тағам өнімдерін өңдеу, сапасын бағалау және инновациялық технологияларды енгізу бағыттарындағы заманауи зертханалық құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидаларымен танысты. Орталықтың меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Е. Еренова студенттерге орталықтың құрылымы, негізгі ғылыми бағыттары мен жүргізілетін зерттеулер туралы жан-жақты ақпарат беріп, кәсіби сұрақтарға жауап берді.
Тәжірибе алмасу барысында екі университет арасындағы ғылыми және академиялық байланысты нығайту, сондай-ақ «Жалпы химиялық технология» пәнінің теориялық негіздерін тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Студенттер үшін бұл сапар кәсіби бағдарларын нақтылау мен тағам өндірісі саласындағы инновациялармен танысу тұрғысынан маңызды болды.
Сапар соңында студенттер профессор Б.Е. Ереноваға жылы қабылдауы мен құнды мәліметтері үшін алғыстарын білдірді.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия
кафедрасының доценті Г.Ж. Жақсылықова
Басқа жаңалықтар


