ҚазҰУ оқытушысы Q1 халықаралық ғылыми журналының рецензент сертификатын алдыFarabi University

ҚазҰУ оқытушысы Q1 халықаралық ғылыми журналының рецензент сертификатын алды

7 сәуір, 2025

География ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.К. Мусина Elsevier баспасынан шығатын және Scopus деректер базасында индекстелетін Data in Brief халықаралық ғылыми журналының рецензент сертификатына ие болды.

Data in Brief журналы бірінші квартильге (Q1) кіреді және ғылыми басылымдар арасында жоғары процентильге ие, бұл оның жоғары дәйексөзділігі мен академиялық ортадағы маңыздылығын көрсетеді. Сертификаттың берілуі А.К. Мусинаның сараптамалық рецензиялау саласындағы құзыреттілігін және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін растайды.

Аталған рецензент мәртебесі оқытушының кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейін дәлелдейді, университеттің халықаралық ғылыми беделін арттыруға ықпал етеді және оны жаһандық білім беру кеңістігіндегі ұстанымдарын нығайтады.