«Таза су – тіршілік көзі» дөңгелек үстеліFarabi University

«Таза су – тіршілік көзі» дөңгелек үстелі

2 сәуір, 2025

2025 жылғы 2 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары мектеп экономика және бизнес факультетінде Ресей филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Абдуллаева Ж.Т. мен Қойлыбаева С.С. бірінші курс студенттерімен (Қаржы – К1 және Есеп және аудит мамандықтары) бірлесе отырып, ТДМ 6 «Таза су және санитария» міндеттеріне сәйкес «Су – өмір көзі» атты іс-шара өткізді.
Студенттер бүгінгі таңда Қазақстан үшін өзекті мәселе – таза су тапшылығы туралы баяндамалар жасады. Талқылау барысында олар суды үнемдеп пайдалану қажеттілігі туралы өз ұстанымдарын білдіріп, бұл стратегиялық маңызды ресурсқа ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ студенттер Қазақстандағы су тапшылығының себептерінің бірі – еліміздің көршілес мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділігі туралы мәселені көтерді. Су ресурстарын пайдалану мәселелері көршілес елдермен келісуді талап етеді, алайда бұл келіссөздер әрдайым Қазақстанның мүддесіне сай келе бермейді.
Дискуссия өте қызу өтті, студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, осы жаһандық мәселенің оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.