Экономикалық қауіпсіздік пен кедендік реттеудің өзекті мәселелері талқыланды
.png)
2025 жылғы 7 сәуірде БҰҰ ТДМ -17 аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономикалық қауіпсіздік және кедендік реттеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына арнайы қонақ ретінде шақырылған Terminal Logistics Services ЖШС-нің кеден декларанты Абилова Динара кедендік рәсімдердегі практикалық қиындықтар жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Ол кеден ісіндегі заманауи талаптарға сай келетін тәсілдерді ұсынумен қатар, кедендік инфрақұрылымды цифрландыру арқылы рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева өз сөзінде жаһандану жағдайында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтың да ортақ міндеті екенін баса айтты. Аға оқытушы Э. Қуандықова кеден саласын цифрландыру мәселелері туралы баяндама жасады. Дөңгелек үстел жұмысына заң факультетінің 3-курс студенттері де белсенді қатысып, кеден заңнамасын дамыту жайлы ұсыныстарын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар


