«Математиканың біздің өміріміздегі маңызы мен ғылымдағы рөлі» атты семинар

Мамандықты таңдауды анықтау үшін тындаушыларға арналған сауалнама алынды. Мақсаты: Жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта ықыластарын анықтау, Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту болып табылады. Білім алушылардың саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету. Әр баланың бойында ішкі психологиялық- әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу барысында түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын, кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып таңдауға тәрбиелеу мақсатында Жоғары оқу орнына бейінгі дайындық кафедрасының математика бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар сабақтар жоспарланып, 04.03.2025 ж. күні тындаушылармен «Математиканың біздің өміріміздегі маңызы мен ғылымдағы рөлі» атты семинар өтті.
КаҰУ-дың механика-математика факультетінің ұстаздарымен кездесу арқылы семинар сабақтары өтіліп, біршама құнды мағлұматтар алынды.
Басқа жаңалықтар


