Бейбітшілік – басты құндылықFarabi University

Бейбітшілік – басты құндылық

10 сәуір, 2025

      09.04.2025 жылы Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының “Елтұтқа ” клубының төрағасы Андарбек Нұрланның ұйымдастыруымен 425 аудиторияда “Бейбітшілік- басты құндылық” тақырыбында Совет одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмір жолына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шарада ардақты батырдың өмірі мен ерлігіне толы фильм көрсетіліп, клуб мүшелері арасында ел қорғаған бабаларымыздың ерлігі кеңінен насихатталды. Бұл шара отансүйгіштік пен патриотизмге дағдыландыратын, өрелі іс болып табылатындығына сеніміміз мол.