Ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру аясындағы кездесу «Қазақстан Республикасының (ҚР) 2.0 қағидаттары мен технологиялары негізінде аграрлық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын қалыптастыру»Farabi University

Ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру аясындағы кездесу «Қазақстан Республикасының (ҚР) 2.0 қағидаттары мен технологиялары негізінде аграрлық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын қалыптастыру»

9 сәуір, 2025

«Қазақстан Республикасының (ҚР) 2.0 қағидаттары мен технологиялары негізінде аграрлық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын қалыптастыру» (ЖТН: BR 23886730) ғылыми-техникалық бағдарламасын (ҒТБ) іске асыру шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігі, Геодезия және картография департаменті директорының орынбасары Сатыбалдина Ляйля Сериковнамен кездесу өтті. Ол тыңдашыларды өзінің әкімшілік басшылығымен пайдалануға берілген ҚР Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымымен (ҰКДИ) егжей-тегжейлі таныстырды. ҒТБ жетекшісі, профессор О.Ә.Әліпбеки тақырып бойынша 2024 жылы алынған зерттеу нәтижелерін және ҰКДИ-дің жекелеген құрамдас бөліктерін дамыту бойынша ұсыныстарын баяндады. Тараптар ҰКДИ-ын жетілдіре түсуі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Картография және геоинформатика кафедрасы, уақыт бөліп кафедра ұжымымен кездескені үшін, Л.С.Сатыбалдинаға өзінің алғысын білдіреді.