«ТДМ 17: Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік»

2025 жылы 11-сәуірде Филология факультетінде Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Шарипова Гульнара Султанбекқызы жетекшілігімен және «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс магистранттары Бекенова Роза мен Қайрат Альмира ұйымдастыруымен «ТДМ 17: Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17-ші бағыты аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі серіктестіктің маңыздылығын түсіндіру, халықаралық ынтымақтастықтың рөлін ұғындыру және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлескен іс-қимылдың қажеттілігін көрсету болды. Сонымен қатар, олардың азаматтық жауапкершіліугін арттыру мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру көзделді.
Тәрбие сағаты барысында презентация және бейнематериалдар көрсетілді. Студенттерге тұрақты дамудың негізгі бағыттары, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе, ТДМ 17 мақсаты – тұрақты даму үшін серіктестікті нығайту қажеттігі ерекше назарға алынды. Бейнероликтер негізінде жүргізілген талқылау барысында студенттер серіктестіктің тұрақты дамудағы шешуші рөлі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Практикалық бөлімде студенттер топтарға бөлініп, кедейлікпен күресу, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және экология мәселелерін шешу бойынша серіктестікті қолданудың жолдарын ұсынды. Әр топ өз шешімдерін ұсыну арқылы креативті ойлау, мәселені сараптау және ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Іс-шара нәтижесінде студенттер серіктестіктің жаһандық және ұлттық деңгейдегі тұрақты дамуға қосатын үлесін терең түсінді. Олар халықаралық ынтымақтастықтың әлеуметтік-экономикалық дамудағы маңыздылығын ұғынып, әр адамның тұрақты даму процесіне үлес қоса алатынын нақты сезінді. Кураторлық сағат студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың дүниетанымын кеңейтуде маңызды рөл атқарды.
Ұйымдастырушылар:
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысы, ф.ғ.к., Шарипова Г.С.
Шетел филологиясы мамандығының
І курс магистранттары Бекенова Роза, Қайрат Альмира
Басқа жаңалықтар


