Фараби әлеміFarabi University

Фараби әлемі

11 сәуір, 2025

Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты – Сапалы білім бағыты аясында «Фараби әлемі» тақырыбында «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Бұл шараның мақсаты – студенттерге қазақ философиясының негізін қалаушы, ойшыл Әл-Фараби мұрасының қазіргі заманғы ғылым мен қоғам үшін маңыздылығын түсіндіру болды.

Әл-Фарабидің философияға қосқан үлесі, оның адамзаттық құндылықтарға қатысты ойлары мен нақыл сөздері, білім мен ғылымға деген көзқарасы, дүниеге деген терең түсінігі талқыланып,  іс-шара соңында !л-Фарабидің нақыл сөздері бойынша челлендж түсірілді.