- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ақмади Мөлдір Арманқызы Фараби форумы аясында «Жылдың үздік жас ғалымы» атағына ие болды
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ақмади Мөлдір Арманқызы Фараби форумы аясында «Жылдың үздік жас ғалымы» атағына ие болды

14 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IV Фараби-форумы аясында салтанатты шара өтті. Осы күні жас ғалымдарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған ғылыми конференциялар, инновациялық жобалар байқауы мен арнайы номинациялардың қорытындысы шығарылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ақмади Мөлдір Арманқызын Фараби форумы аясында «Жылдың үздік жас ғалымы» атағына ие болуымен және жас ғалымдарға арналған стипендиямен шын жүректен құттықтаймыз!
Мөлдір Арманқызы ғылыми және педагогикалық қызметпен белсенді айналысып, әлеуметтік ғылымды дамытуға және қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерді ілгерілетуге атсалысып келеді. Оның мақсатшылдығы, жоғары кәсіби біліктілігі мен білімді бөлісуге деген ұмтылысы студенттердің ғылымға деген қызығушылығын оятып, болашақ зерттеушілердің қалыптасуына қолдау көрсетеді. Жеңісіңізбен құттықтай отырып, ғылыми ізденіс жолында жаңа табыстарға, инновациялық идеяларды жүзеге асыруға және отандық ғылымның мәртебесін арттыруға тілектеспіз!
Бұл стипендияның басты мақсаты – жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау. Біз жас зерттеушілеріміздің келешегіне сенеміз және олардың жетістіктеріне қуаныштымыз! Ғылым мен білім жолындағы жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар

