ТМД 10: Ауызашарға су мен құрма тарату — сауапты амал

Ораза айында ауыз ашар сәті – мұсылман жамағаты үшін ерекше маңызды мезет. Осы сәтте бір жұтым су мен бір тал құрма тарату — үлкен сауаптың кілті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хадистерінің бірінде: «Кімде-кім ораза тұтушыны ауыз аштырса, соған сол адамның сауабының бірдейі жазылады», — деп айтылған.
Сондықтан ауызашарға қарапайым су мен құрма тарату – кез келген адамның жасай алатын ізгі ісі. Бұл амал арқылы жүректер жұмсарады, қоғамда бірлік пен қайырымдылық артады.
Осы игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушысы Түркен Гүлзат өз тобының студенттерімен бірге университет жанында ауызашар уақытында су мен құрма дайындап, ораза тұтушыларға үлестірді.
Су мен құрма тарату – кішігірім амал болса да, жүрекке үлкен әсер қалдырады. Бұл — рухани тәрбие мен сауаптың жолы.
Жауапты куратор: Түркен Г., 14.03.2025
Басқа жаңалықтар

