«Lukoil Petrogames» олимпиаданың өтуіFarabi University

«Lukoil Petrogames» олимпиаданың өтуі

28 ақпан, 2025

2025 жылдың 27–28 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде химия және химиялық технология факультетінің қолдауымен «Lukoil Petrogames» олимпиадасы өтті. Іс-шараның демеушісі «Лукойл» компаниясы болды.

Біз, «Мұнай химиясы» мамандығы бойынша 1-курс магистранттары — Нұрым Бекзат, Ерсайнова Дана, Аманжолов Алдияр және Маткір Жанабай — олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуде волонтер ретінде белсенді қатыстық.

Екі күн бойы қатысушылар үш кезеңнен өтті: тестілеу, блиц-сұрақтар және есептерді шешу. Олимпиадаға әртүрлі университеттердің бакалавр студенттері қатысып, химиялық технология және мұнай химиясы салаларындағы білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, естелік сыйлықтармен марапатталып, сондай-ақ «Лукойл» компаниясында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Бұл іс-шара біздің педагогикалық тәжірибеміздің маңызды бөлігіне айналды, білім алушылармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтауға, сондай-ақ ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді. Олимпиада студенттердің кәсіби дамуына және университеттер мен өнеркәсіптік компаниялар арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосты.

«Мұнай химиясы» мамандығының магистранттары