Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне мәдени-танымдық сапар

2025 жылдың 16 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Исламтану мамандығының студенттері қазақ халқының көрнекті қайраткері, ағартушы, тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласындағы мұражай-үйіне мәдени-танымдық сапар жасады. Іс-шара “Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар” (Тұрақты даму мақсаттарының №16 бағыты) аясында ұйымдастырылды.
Сапар барысында исламтанушы студенттер ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық жолын, ғылыми еңбектерін және қазақ қоғамындағы тарихи рөлін тереңірек танып, оның мұрасының бүгінгі рухани құндылықтармен үйлесімділігін талдады. Бұл сапар студенттердің дін мен қоғам, руханият пен ағартушылықтың өзара байланысын түсінуіне жол ашты.
Мұражай-үйдегі жәдігерлер мен сирек материалдар Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идея мен тіл үшін күресін, Алаш зиялыларының ел болашағы жолындағы қызметін айқын көрсетті. Мұндай танысу исламтанушы студенттердің елдің рухани-мәдени тарихына деген қызығушылығын арттырып, болашақтағы зерттеу бағыттарына негіз болды.
Сапардың маңызды тұсы – рухани сабақтастық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Студенттер арасында ашық сұхбат өтіп, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы бүгінгі күн үшін қаншалықты маңызды екені талқыланды. Қатысушылар ұлттық сана, мәдени мұра және тілдің сақталуының маңызын атап өтті.
Аталған мәдени-танымдық іс-шара студенттерге Алаш идеяларын тереңірек түсінуге, ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттыруға және ұлт зиялыларының рөлін бағалауға зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл сапар жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, елге қызмет ету рухын оятуға ықпал етті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары:
📌 Философия ғылымдарының докторы Жұзей М. А.
📌 Исламтану мамандығының 1 курс магистранты Маликов С. Б.
Ахмет Байтұрсынұлының мұрасымен танысу – ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды қадамы. Бұл сапар исламтанушы студенттер үшін де ерекше мәнге ие болды. Олар тек тарихи деректермен танысып қана қоймай, рухани және мәдени сабақтастықтың бүгінгі күнмен тығыз байланысын сезінді. Мұндай іс-шаралар болашақ дін мамандарының дүниетанымын кеңейтіп, отансүйгіштікке, толеранттылыққа және рухани тереңдікке бастайды.
Басқа жаңалықтар

