ҚазҰУ-дағы Наурыз мейрамы: Жаңашылдық пен жасампаздық рухының жаршысыFarabi University

ҚазҰУ-дағы Наурыз мейрамы: Жаңашылдық пен жасампаздық рухының жаршысы

17 сәуір, 2025

«Әз Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы» атты Наурыз мейрамы ҚазҰУ-да ерекше аталып өтті! 🎊 Көктемнің шуақты күнінде студенттер мен оқытушылар ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би билеп, Наурыздың дәстүрлі тағамдарын дәм татты. 🎶

Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев баяндама жасады. Ол студенттердің жақсылығы үшін болашақта да көптеген жобалардың жүзеге асатынын айтты. 🎓

Іс-шараның соңында «Ең үздік факультет», «Ең үздік студенттер үйі», «Ең үздік ас бөлме» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды. 🏆 Тарих факультеті мен №10 студенттер үйінің ас бөлмесі ерекше назарға ие болды! Бұл студенттерге қолайлы жағдай жасаудың бір белгісі. 🍽️