- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Төтенше жағдайларды басқарудағы инновациялық тәсілдер және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (ИКТ) қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Төтенше жағдайларды басқарудағы инновациялық тәсілдер және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (ИКТ) қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
2025 жылдың 18 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Төтенше жағдайларды басқарудағы инновациялық тәсілдер және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (ИКТ) қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы қонақтар ретінде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қатерін азайту орталығының қызметкерлері: Қазақстан Республикасы ТЖМ дағдарыстық жағдайларды басқару орталығының бастығы Айбол Кабденович Акбаров және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының бас сарапшысы Есниязова Зульфия Серікқызы шақырылды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, апаттардың алдын алу, төтенше жағдайларды басқару және заманауи технологияларды қолдану бойынша тың мәліметтер ұсынды.
Кездесу барысында факультеттің оқу-ғылыми зертханалары таныстырылды. Қонақтар зертханаларда қолданылып жатқан заманауи құрал-жабдықтармен, ғылыми жобалармен, магистранттар мен докторанттардың ғылыми ізденістерімен танысты. Сонымен қатар, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының жұмыстарымен танысты.
Кездесу өте мазмұнды, кәсіби және өзара тәжірибе алмасуға бағытталған форматта өтті. Қонақтар студенттер мен жас зерттеушілердің белсенділігіне жоғары баға беріп, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Басқа жаңалықтар


