- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТМД17. ҚазҰУ-дағы халықаралық кездесу: экологиялық мониторинг пен тұрақты даму саласындағы жасанды интеллект
ТМД17. ҚазҰУ-дағы халықаралық кездесу: экологиялық мониторинг пен тұрақты даму саласындағы жасанды интеллект
.jpeg)
2025 жылғы 9 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық деңгейдегі маңызды кездесу өтті. Сейлем мемлекеттік университетінің (Массачусетс, АҚШ) География және тұрақты даму кафедрасының профессоры, PhD доктор Стивен С. Янг университетімізге арнайы келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараны кафедра меңгерушісі, профессор Мансурова Мадина Есимхановна ашып, жасанды интеллект саласындағы кафедра жұмысы мен даму бағыттарын таныстырып өтті. Профессор Стивен Янг өз баяндамасында ғарыштық мониторинг, климаттық өзгерістер және экологиялық тұрақтылық мәселелеріндегі заманауи тәсілдерге тоқталып, жасанды интеллекттің осы салалардағы рөліне ерекше мән берді.
Кездесу барысында кафедраның аға оқытушысы Әсел Оспан «Tropomi жобасы негізінде Батыс Қазақстан аймағындағы ауа сапасын бағалау» тақырыбында баяндама жасап, өңірлік экологиялық мониторинг мәселелеріне арналған тың деректер мен нәтижелер ұсынды. Сонымен қатар Деректер тураоы ғылым мамандығының 4-курс студенті Ернур Полатбек спутниктік суреттер мен автоматты бақылау нүктелерінен алынған деректер негізінде бейімделетін дерекқор архитектурасын құру бойынша өз жобасымен таныстырды.
Кездесу пікір алмасу және ғылыми талқылау форматында жалғасып, халықаралық тәжірибе мен отандық зерттеулерді ұштастыратын маңызды платформаға айналды. Мұндай кездесулер — ҚазҰУ қабырғасындағы академиялық серіктестіктің кеңеюіне және ғылыми ойдың дамуына үлкен үлес қосады.
Басқа жаңалықтар

