Кафедра докторанты шетелдік ғылыми тағылымдамада Farabi University

Кафедра докторанты шетелдік ғылыми тағылымдамада 

21 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің “Экология”БББ 3-курс докторанты Ошақбай Айту Айдарұлы қазіргі уақытта Әзірбайжан Республикасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама агр.ғ.док., профессор Мустафаев М. Ғ. жетекшілігімен Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтында жүзеге асырылуда.

Тағылымдама мақсаты – топырақ экологиясы, ауыр металдармен және мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді қалпына келтіру, сондай-ақ агроэкожүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы заманауи шетелдік әдістемелермен танысу.

Бағдарлама аясында докторант бірқатар профильді зертханалар мен орталықтарға барып, мамандармен ғылыми пікір алмасу, зертханалық жұмыс әдістемелерін меңгеру, ғылыми жобалар талқылауы және бірлескен жарияланымдар дайындау жұмыстарын жүргізуде.

Шетелдік тағылымдама – докторанттың ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық ғылыми байланыстар орнатуға және диссертациялық зерттеу сапасын жақсартуға бағытталған маңызды кезең.