Желтоқсан жаңғырығы!Farabi University

Желтоқсан жаңғырығы!

21 сәуір, 2025

Тарих тағылымы — шабыт қайнары!

ҚазҰУ студентінің жүрегінен туған жыр!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы еліміз тарихын терең таныту мақсатында өзге де мамандықтарда білім алып жатқан студенттерге "Қазақстан тарихы" пәнін оқытады.

Кафедра оқытушылары тек тарихи деректермен ғана шектелмей, жас ұрпақтың ұлттық рухын оятып, өткенге тағзым етуге, елінің ерлік шежіресін жүрекпен сезінуге бағытталған мазмұнды сабақтар өткізіп келеді.

Осындай бір дәрістен кейін, тарих сабағынан әсер алған Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері (6B06301)мамандығының 1 курс студенті Шығыснұрұлы Алмас шабыттанып, өзінің жүрегінен шыққан жыр жолдарын арнады.

Бұл — жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметі мен рухани байланысының айғағы. Тарих тек өткеннің шежіресі ғана емес, ол — ұлт болмысының өзегі. Ал оны осылайша жүрекпен қабылдап, өлеңмен өрнектеу — болашақтың жарқын бастауы екені сөзсіз.

 

Желтоқсан жаңғырығы!

Желтоқсанда дүрліккен ел, у-шу боп,
Елі үшін, жері үшін шықты топ.
Колбин келіп, от тұтатты санаға,
Қанша мұң мен қасірет ап келді со.

Арандатқан лас күшке еріп алып,
Кінәсізді жазаладылар ұрып, сабап.
Жазығы жоқ жастарды тепкілеп,
"Елім!" деп шыққандарға оқ атты ғой аямай.

Қазақ жерін, ұл-қызын қорлап-таптап,
Азаттықты аңсаған ерлер жаттап.
Қыспағына төзе алмай сол заманның,
Қара бұлттай басты елдің әр аймағын.

Сол заманда Қайрат сынды ұл туды,
Намысына тиерлерге тік тұрды.
Қанын төгіп, туын қорғап, ел үшін,
Ерлік рухы мәңгі қалды тарихтың үніндей.

Желтоқсанның жаңғырығы тірі әлі,
Ашылады әлі талай шын хикая.
Қазақ жаны ешқашанда бүгілмес,
Ұрпағының жүрегінде рухы тірі, үні өшпес.

Бейбіт жолмен шешілер бір мәселең,
Арандатты оны оңбаған біреулер.
Бейкүнә жас, кінәсіздер құрбан боп,
Қанша батыр түрмеде қалды сол күндер.

 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері (6B06301) 1 курс,

студенті Шығыснұрұлы Алмас