.jpg)
21.04.25 Әл-фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жапон елінен келіп қазақ тілін үйреніп жүрген тыңдаушымыз Мичихиро Камишима "Қазақстан" ұлттық арнасы тілшілеріне қазақ тілінде сұқбат берді. Факультетімізге келген тіл үйрену тек дәрісхана сабақтарымен шектелмейді. Кафедра оқытушылары сабақтан тыс уақытта да тыңдаушыларды түрлі мәдени орындарға апарып, шынайы тілдік орта қалыптастыруға, соның нәтижесінде аз уақытта сөйлеуге шығаруға тырысады. Мичихиро бастауыш топта қазақ тілін үйреніп жүргеніне 7 ай болды. Сұқбат барысында ұлттық арна тілшілері тарапынан тіл үйрену мақсаты, Қазақстандағы өмірі, өзінің қызығушылығына қатысты сұрақтар қойылды. Аз уақыт ішінде қазақ тілін жетік меңгерген Мичихиро барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Сұқбатта Мичихиро тек тіл үйреніп қана қоймай, қазақ елінің тарихы мәдениеті туралы көптеген мәліметтер білетінін және қазақ мәдениетін өз елінің мәдениетімен салыстыра отырып көпшілік алдында қазақ тілінде сөйлей алу дағдысы қалыптасқанын көрсетті. Аталған нәтиже кафедра оқытушыларының шетел азаматтарына дұрыс әдістеме, жүйелі құрылған оқу құралын таңдап табанды еңбек ету жемісі.
ф.ғ.к. Г.А. Машинбаева
Басқа жаңалықтар


