Шет тілдері пәндік олимпиадасыFarabi University

Шет тілдері пәндік олимпиадасы

21 сәуір, 2025

2025 жылғы 21 сәуір күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен Шет тілдер пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Алматы қаласындағы ірі жоғары оқу орындарынан – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (ЖенПУ) және Сүлеймен Демирел университетінен (SDU) барлығы 75 студент қатысты. Оның ішінде: ағылшын тілінен – 34 студент, француз тілінен – 18 студент, қытай тілінен – 12 студент, неміс тілінен – 11 студент қатысты. Олимпиадаға шет тілі мамандықтарының 1, 2 және 3 курс бакалавр студенттері қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1. Грамматика-лексикалық тест: Бұл кезеңде қатысушылардың шет тіліндегі теориялық білімі, атап айтқанда, грамматикалық құрылымдарды қолдану және сөздік қоры тексерілді.

2. Ситуациялық ауызша тапсырма: Қатысушылардың сөйлеу дағдылары бағаланды. Бұл кезеңде тілдік қарым-қатынас, еркін сөйлеу, дұрыс айтылым және коммуникативтік қабілет басты назарда болды.

3. Үй тапсырмасын қорғау: Студенттер “Шет тілдері және жасанды интеллект” тақырыбында презентация жасап, жасанды интеллекттің тіл үйренудегі рөлі туралы ойларын ортаға салды.

Ашылу салтанатында “Екі шет тілі” мамандығының 1-курс магистранттары университет жайлы презентациямен таныстырып, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерінде таныстыру жасады.

Олимпиада барысында көрермендер мен қатысушыларға арналған тілдерге байланысты викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, музыкалық жолдау ұсынылды.

Қорытынды сәтінде қазылар алқасының төрайымы мен мүшелері сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының «Екі шет тілі» мамандығы оқытушылары, Британдық орталық, сонымен қатар «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранттары мен докторанттары.