Бала құқығын қорғау –басты бағытFarabi University

Бала құқығын қорғау –басты бағыт

26 наурыз, 2025

Тұрақты даму мақсат­тары­ның 16-шы «Бейбіт­ші­лік, әділдік және тиімді институттар» бағыты аясында Шет тілдер кафедрасы «Қазақ­стан­дағы балалар құқығы болашақ заңгерлер көзі­мен» атты халықаралық іс-шара өткізді.

Басқосуда кафедра оқыту­шы­лары және заң факультетінің 1-курс студенттері қатысып, маз­мұнды баяндама жасады.

Жиынның бір ерекшелігі – оның жұмысына Моңғолия білім ор­дасының заң факультеті сту­денттерінің Zoom платформасы ар­қылы қосылуы болды. Заң фа­культетінің студенті Раббина Бо­лат балалар құқығы тақырыбында өзінің әсерлі импровизациясымен бөлісті. Студент өз еліндегі бала­лар­дың құқығын қорғау жүйесін, осы бағыттағы заңнамалар мен бағдарламаларды қызықты әрі мазмұнды түрде жеткізді. Қазақ­стан­дық студенттер де шет қал­май, балалар құқығын қорғау, олар­­дың мүддесін сақтау та­қы­ры­бына арналған презен­та­ция­ла­рымен көзге түсті.

Іс-шара барысында студенттер балалардың құқығын қорғау мә­се­лелерін заманауи көзқараспен тал­қылап, осы бағытта болашақ заңгер ретінде түйінді мәсел­е­лер­ді шешу жолдары мен тың идеялар ұсынды. Қазақстандық және моң­ғолиялық студенттер арасында сұрақ-жауап форматында қы­зық­ты пікір алмасу мен сұхбат-әңгі­ме­лесу ұйымдастырылды. Та­рап­тар өз елдеріндегі заңнамалық ба­­заны салыстырып, тәжірибе ал­­масты. Әсіресе балалардың бі­лім алу, қауіпсіздік және тұр­мыс­тық зорлық-зомбылықтан қор­ға­луы сияқты өзекті мәселелер кө­­терілді. Іс-шараны қорытын­ды­лай келе, заң факультетінің сту­денттері ұлттық өнерді паш етіп, домбырамен күй шертіп, ән айтты. «Елім-ай» әні қоңыр дауыспен шырқалып, әр жүрекке патриоттық сезім ұялатты. Сонымен қатар әсерлі поэзия қатысушылардың көңіліне ерекше шабыт сыйлады.

Жиын соңында белсенді сту­дент­терге алғыс хат табысталды. Марапат алғандар арасында қа­зақ­стандық студенттермен бірге моңғолиялық студенттер де бол­ды. Мұндай ынтымақтастық бо­ла­шақ заңгерлердің кәсіби және халықаралық деңгейде ой-өрісін кеңейтуге үлкен ықпалын тигізді. Тұрақты даму мақсаттарының «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» 16-шы тармағы бо­йын­ша балалар құқығын қорғау мә­селесін кеңінен талқылау бол­ды. Бұл тармақ балалардың құ­қы­ғын қорғау арқылы әділетті қо­ғам­ды қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар тек білім ал­масу алаңы болып қана қоймай, бо­лашақ заңгерлердің қоғамға де­ген жауапкершілігін арттырып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Қарлығаш АЙСҰЛТАНОВА,

ф.ғ.к., Шет тілі кафедрасының аға оқытушысы