"Экономиканы сандық трансформациялаудағы және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының рөлі" дөңгелек үстеліFarabi University

"Экономиканы сандық трансформациялаудағы және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының рөлі" дөңгелек үстелі

12 сәуір, 2025

2025 жылғы 12 сәуірде картография және геоинформатика кафедрасының доценттері Э.Мурсалимова мен Ж. Аукажиева "Экономиканы сандық трансформациялаудағы және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымының рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс – шара кафедраның Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын, атап айтқанда "Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым"мақсаттарын іске асыруға бағытталған жұмыс жоспары шеңберінде өткізілді. "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы" жобасы сандық экономиканы дамытудың, геокеңістіктік қызметтер спектрін кеңейтудің және инновациялық технологияларды енгізудің негізгі элементі ретінде қарастырылады.

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы геодезиялық және картографиялық қызмет, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік салаларында базалық кеңістіктік деректердің және олардың метадеректерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

ГАЖ технологиялары өз кезегінде жер, жер бетіндегі заттар, табиғи, техногендік және әлеуметтік процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және пайдалануды қамтамасыз етеді. Болашақта бұл техногендік процестердің алдын алу және азайту үшін кеңістіктік ақпаратты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелге құрметті қонақтар мен спикерлер ретінде қатысты:

Төлеев Қаныш - "Геодезия, картография және құрылыс" жоғары колледжінің директоры (Семей қ.);

Нұғманова Жұлдыз - "Нұр геосервис" ЖШС өкілі (Атырау қ.);

Поплавский Андрей - "Geomatix" ЖШС бас директоры (Алматы қ.);

Қыдырбаев Данияр-инженер-аэрофотогеодезист (Ақтөбе қ.);

Исмаилов Ерлан - " ГарантСтройКЗ»" ЖШС директоры (Шымкент қ.);

Айтуганов Рамиль - "ГЕОПРОФИ" компаниясының директоры (Алматы қ.).

Кафедраның докторанттары мен магистранттары Турумтаев Жанарыс, Әбішев Әділ және Кутымова Нұрай қызықты баяндамалар ұсынылды:

  • «ArcGIS платформасында студенттер мен талапкерлерге арналған интерактивті бақылау тақтасын әзірлеу»;
  • «Агроөнеркәсіп кешен инфрақұрылымын жақсарту үшін сандық карталар жасау;
  • «ГАЖ технологияларын пайдалана отырып Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы жерлерін картаға түсіру».

Іс-шара қонақтары Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарының аэро-және ғарыштық түсірілім жобаларын іске асыру тәжірибесімен бөлісті, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңістіктік деректер платформаларын, ақпараттық жүйелерді, геопорталдарды, геосервистерді және олардың метадеректерін пайдалануы туралы әңгімеледі.

Іс-шара соңында кафедра профессоры Е. Орынғожин кафедра магистранттары мен докторанттарына сертификат табыс етті.