«Батыр қыздың жолы — бейбіт болашаққа бастар жол» атты тағылымды іс-шараFarabi University

«Батыр қыздың жолы — бейбіт болашаққа бастар жол» атты тағылымды іс-шара

17 сәуір, 2025

 

2025 жылғы 17 сәуір күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, ерлік пен өрліктің символына айналған Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған рухани-патриоттық іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әсерлі өтті.

Шара барысында қатысушылар Әлияның өмір жолына, ерлік істеріне шолу жасап, оның қайсарлығы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі жайлы терең мағыналы ойлармен бөлісті. Сонымен қатар, бейбітшілік, тұрақты даму құндылықтары туралы маңызды пікірлер айтылып, жас ұрпақтың азаматтық позициясы мен тарихи санасын арттыру бағытында мазмұнды пікірталас өрбіді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: – Жүзей М.А., философия докторы (PhD) – Маликов С.Б., философия мамандығының 1 курс магистранты

Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы – бұл шараның маңызын арттырып, жүректерге патриоттық рух ұялатты. Осындай игі кездесулердің жалғасы боларына сеніміміз мол!