«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»

2025 жылдың 22 сәуірі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің 316-аудиториясында Тұрақты даму бағдарламасымен Қазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары және кураторлары ұйымдастырған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» кеші өтті.
Кештің мақсаты – студенттерге саяси қуғын-сүргіннің қазақ халқының тарихындағы орны мен зардаптары туралы терең түсінік бере отырып, олардың тарихи санасын қалыптастыру, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту және әділеттілік пен еркіндіктің құндылығын бағалауға тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында қатысушылар қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың тағдырлары туралы мағлұмат алды, олардың қоғамдағы рөлін ұғынды және тарихи деректерді сараптау арқылы өз ойларын дәлелдеп жеткізуге машықтанды. Интеллектуальды викторина ұйымдастырылып, студенттердің танымдық белсенділігін арттыру көзделді.