«Уақыт және кеңістік ағымындағы кітапхана» Республикалық жастар конвенті

2025 жылдың 23 сәуірінде ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Бердіғалиева Роза Аманғалиқызының туғанына 80 жыл толуына орай және «23 сәуір -Ұлттық кітап күні» орай «Уақыт және кеңістік ағымындағы кітапхана» Республикалық жастар конвенті өтті.
Мақсаты: Заманауи кітапхана әлеміндегі рухани, әлеуметтік және технологиялық үндестікті тереңінен зерделеу. Атап айтқанда, кітапханалардың әлеуметтік миссиясы ретінде қолжетімділік пен инклюзияны қамтамасыз етудегі рөлін ашу, яғни әрбір адамға — жасы мен жағдайына қарамастан — білім мен мәдениетке еркін жол ашатын кеңістік ретіндегі маңызын айқындау. Сонымен қатар, технологиялық прогрестің алдыңғы шебінде келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін кітапхана саласына енгізу арқылы, оқырман мен ақпарат арасындағы алтын көпірді жаңаша тұрғыда орнату жолдарын қарастыру.Қазақ кітапханашылығының көрнекті тұлғасы Роза Аманғалиқызы қалыптастырған кәсіби мектептің дәстүрлеріне сүйене отырып, қазіргі заманға лайық трансформацияланған шешімдерді ұсыну. Яғни, тамыры тереңге кеткен ұстаздық мектептің құндылықтарын сақтай отырып, оны бүгінгі буынның талабына сай жаңа мазмұнмен байыту.
Өткізілген ісi-шарада кітапхана саласының заманауи мәселелері мен болашағын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Республикалық жастар конвенті аясында: «Кітапханалардың әлеуметтік миссиясы: қолжетімділік және инклюзия», «Кітапханалар үшін жасанды интеллект мүмкіндіктері: технологиялық прогресс», «Кітапханашы мектебі: дәстүр және трансформация» тақырыптары бойынша талқыланды. Республикалық жастар конвентіне қатысушылар кітапхананың әлеуметтік маңызы зор мекеме екенін, оның әрбір адам үшін ашық, тең қолжетімді ақпараттық және мәдени кеңістікке айналуы қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, инклюзивтілік қағидаттарын енгізе отырып, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қолайлы жағдай жасау, жасанды интеллектті кітапхана қызметіне енгізу қызметі кеңінен талқыланды.
Роза Аманғалиқызы қалыптастырған «Кітапханашылар мектебі» мысалында кәсіби дәстүрлер мен бүгінгі трансформация үдерістері де қарастырылды. Жас мамандар оның тәжірибесіне сүйене отырып, заманауи талаптарға жауап беретін, жан-жақты дамыған, жаңа технологияларды меңгерген кітапханашы бейнесін қалыптастыру қажеттігін алға тартты. Жалпы алғанда, Республикалық жастар конвенті кітапхана саласының жаңғыру жолындағы жастардың белсенділігін көрсетіп, саланың әлеуметтік, технологиялық және кәсіби бағытта даму мүмкіндіктерін ашты.
Қазақстанның әр өңірінен жиналған жас кітапханашылар мен студенттер арасында өтілген Республикалық жастар конвенті “Кітапханаға арналған ғұмыр” Р.А. Бердигалиеваның туғанына 80 жыл толуына арналған «Кітапханаға арналған ғұмыр» тақырыпта баяндамамен ашылып, «Жобалар уақыты» тақырыптық сессиясында қатысушылардың жобаларын таныстыруымен жалғастырылды. Ұсынылған жоба саны 21. Жобаның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Асанова Баян Сүлейменқызының жетекшілігімен “Ақылды кітап кеңесшісі - дербес кітап таңдаудың интеллектуалды жүйесі” тақырыбында “6B03205-Кітапханалық ақпараттық жүйелер” мамандығының 2 курс студенттері, Мекенбай Алуа, Ақылбекқызы Әнел жобаларын жоғары нәтижемен қорғады.
Әр қатысушы заманауи кітапхананың маңыздылығы артуына үлкен үлес қосарлықтай жоба қорғады. Одан әрі қатысушылар топтарға бөлініп, А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында АКАЖ пайдалануы, С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында кітаптарды цифрландыру қызыметі, Ғылым ордасында кітаптарды қалпына келтіру қызметтерімен, тәжірибелерімен танысты.
Қорыта айтқанда, Республикалық жастар конвентінде тың идеялар мен нақты ұсыныстар әзірленіп, оларды болашақта жүзеге асыру жолдары белгіленді.
Басқа жаңалықтар


