Халел Арғынбаевтың 100 жылдық мерейтойы: Тарихшы ғалымның мұрасы мен жетістіктеріFarabi University

Халел Арғынбаевтың 100 жылдық мерейтойы: Тарихшы ғалымның мұрасы мен жетістіктері

21 сәуір, 2025

2025 жылдың 21-сәуірінде Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қалыш Аманжол Боранбайұлы Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақтың көрнекті этнограф ғалымы Халел Арғынбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға қатысты. Профессор Аманжол Боранбайұлы оқушыларға Халел Арғынбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу жұмыстарын таныстырып, оның этнографиялық зерттеулерінің маңыздылығын түсіндірді.