
2025 жылдың 21 сәуірінде РЭТ мамандығының студенттерімен бірге «Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні» тақырыбында ашық сабақ өткіздік. Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке және демалыс күні болып табылады. Ол жыл сайын 7 мамырда тойланады. Бұл күннің таңдалуына 1992 жылдың дәл осы күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қоюы себеп болды. 2012 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, оған сәйкес 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке болып белгіленді.Қазақстанда әскери доктринаны және армияны реформалаудың өзекті мәселелерін көрсететін әскери реформа тұжырымдамасы мен әскери дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің, сондай-ақ Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының бас штабын құру арқылы үш салалы құрылымға көшті. Аэроұтқыр әскерлеріне Жоғарғы Бас қолбасшының резерві рөлі тағайындалды. Қарулы күштердің жеке бөлімі – зымырандық әскерлер мен артиллерия құрылды .2022 жылы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялық күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойылды. Барлық мүмкін бағыттар бойынша әскери-техникалық ынтымақтастық Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алған күннен бастап жүргізіп отырған төл саясаты болды. Студенттер баяндамалар дайындап, өз пікірлерімен бөлісті.
Ұйымдастырушы: Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Турсалиева Л.А.
Басқа жаңалықтар

