«Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері» тақырыбында ашық дәрістер цикліFarabi University

«Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері» тақырыбында ашық дәрістер циклі

22 сәуір, 2025

2025 жылғы 21–25 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері» тақырыбында ашық дәрістер циклі өтеді.
Лектор — Кокоулин Владислав Геннадьевич, Ресейдің Сібір тұтыну кооперациясы университетінің (СибУПК) Заң факультетінің профессоры.

🗣️ Дәрістер аясында мемлекет және құқық теориясындағы негізгі сын-қатерлер мен өзекті мәселелер талқыланады. Бұл — студенттер, оқытушылар және құқық ғылымына қызығушылық танытатын барша үшін білімдерін тереңдетуге және қызықты пікірталасқа қатысуға тамаша мүмкіндік!

♻️ Ұйымдастырушылар: «Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы.

Барлық құқық ғылымы мен мемлекет және құқық теориясын дамытуға қызығушылық танытушыларды асыға күтеміз!