ҚазҰУ-да Қытай университеттерінің көрмесі өттіFarabi University

ҚазҰУ-да Қытай университеттерінің көрмесі өтті

29 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы (HSK)» тақырыбындағы ІІ Қытай университеттерінің көрмесі өтті. Ауқымды іс-шараны ҚазҰУ мен Халықаралық қытай тілі тест орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Көрменің ашылу салтанатына ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының білім жөніндегі консулы Хуан Сяоминь, Қытай тілін тестілеу орталығы директорының орынбасары Лю Сяо Лонг, Қытай университеттерінің өкілдері, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

Шара барысында Қытайдың 40-қа жуық жетекші жоғары оқу орындары өз бағдарламаларын таныстырып, халықаралық білім алу мүмкіндіктері мен қабылдау шарттарын түсіндірді. Сонымен қатар, қытай тілін меңгерген мамандарға жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар да айтылды.

Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Г.А., кафедра меңгерушісінің орынбасары Рашева Г.К., оқытушы Тилегенова Д. және магистранттар Майлыбай Е., Қадылхан Қ., Бектұрсын Ж., Ахмет А. белсенді қатысты.