«Болашақ бізден басталады: жасанды интеллект пен жастар»

2025 жылдың 2 мамыр күні «Болашақ бізден басталады: жасанды интеллект пен жастар» тақырыбында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан 30-топ студенттерімен Тұрақты даму мақсаттарының 9-бағыты аясында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге жасанды интеллект (ЖА) ұғымын, оның заманауи өмірдегі рөлін, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін түсіндіру, сондай-ақ олардың технологиялық сауаттылығын арттыру болды.
Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылып, алғашында ChatGPT, Midjourney, Runway секілді жасанды интеллект құралдары таныстырылды. Одан кейін студенттер топтарға бөлініп, «ЖА жастар өмірін қалай өзгерте алады?» деген сұрақ аясында шағын пікірталас жүргізді.
Студенттер «Жасанды интеллект – мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында мини-эссе жазып, өз ойларын ортаға салды.
Талқылау барысында студенттердің бұл тақырыпқа деген қызығушылығы мен белсенділігі ерекше байқалды. Көптеген студенттер ЖА-ны болашақтың мүмкіндігі ретінде қарастырып, оны дұрыс бағытта қолдану – жастардың міндеті екенін атап өтті.
Іс-шара технология мен адамзаттың қарым-қатынасы жайлы терең ой қозғап, жастар арасында сыни ойлау мен саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар


