№30 мектепте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасы таныстырылдыFarabi University

№30 мектепте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасы таныстырылды

24 сәуір, 2025

 

2025 жылғы 24 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетіне қарасты Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары Алматы қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге ҚазҰУ туралы жан-жақты мәлімет беру, атап айтқанда Дінтану, Исламтану және Мәдениеттану мамандықтарының мазмұны, ерекшеліктері мен болашағын таныстыру болды. Кездесу барысында университеттің тарихы, халықаралық жетістіктері, оқу үрдісі, студенттерге жасалған мүмкіндіктер, жатақхана және оқу ғимараттары жайында толыққанды ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ әр мамандықтың ерекшеліктері, білім беру бағыттары мен түлектердің қандай салаларда жұмыс істей алатыны нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық байқалып, түрлі сұрақтар қойылды. Кездесу ашық әрі достық атмосферада өтті. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар жылы қабылдау көрсетіп, алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Бұл кездесу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен орта білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби бағдар жұмыстарының маңызды бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.