Медицина және денсаулық сақтау факультеті  студенттерінің жетістігі: 4-ші "Research Fair" ғылыми жәрмеңкесіне қатысуFarabi University

Медицина және денсаулық сақтау факультеті  студенттерінің жетістігі: 4-ші "Research Fair" ғылыми жәрмеңкесіне қатысу

8 мамыр, 2025

KazMSA ұйымындағы SCOME Camp теориялық және практикалық форумы аясында 2025 жылғы 12-14 наурызда "Research Fair" аттф жас ғалымдар жәрмеңкесі өтті. Шарада еліміздің медициналық ЖОО студенттері өз ғылыми жобаларын ұсынды.

Біздің медицина факультетінің студенті Сабрина Адилбекова аталған шараға қатысып,
«Тоқпан жіліктің  проксималды бөлігі сынықтары: диагностикасы және емдеу» тақырыбында баяндама жасады.

 Сабрина өз баяндамасында қазіргі травматологиядағы өзекті мәселелердің бірі – иық сүйегінің проксималды бөлігіндегі сынықтарды диагностикалау және емдеу тактикасын таңдаудың қиындын атап өтті. Баяндамада:

  • заманауи бейнелеу әдістері (рентген, КТ, МРТ);
  • хирургиялық және консервативтік емге көрсеткіштер;
  • оңалту және асқынулардың алдын алу жолдары;
  • клиникалық жағдайлар мен статистикалық мәліметтер қарастырылды.

Баяндамасы тыңдаушылар тарапынан қызығушылық туғызып, белсенді пікірталасқа себеп болды.

Сабрина қатысушы сертификатына ие болды, бұл оның академиялық дайындығы мен ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын дәлелдеді.

 Сабрина Адилбекованы сәтті қатысуымен құттықтап, оған алдағы уақытта да табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!