Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері SCOME LC ұйымдастырған онлайн-олимпиадада жүлделі орындарға ие болды!Farabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері SCOME LC ұйымдастырған онлайн-олимпиадада жүлделі орындарға ие болды!

8 мамыр, 2025

 2025 жылдың 22 ақпанында SCOME LC ұйымдастыруымен өткен онлайн-олимпиадада студенттер медицина саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

 

 Олимпиадаға Қазақстанның жетекші медициналық университеттерінен  60 - қа жуық студенттер қатысты. Қатысушылардың басым көпшілігі 2–4 курс студенттері болса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан барлығы 1-курс студенттері қатысты.

 

ҚазҰУ-дан барлығы 12 студент бақ сынады:

 

6 студент – стоматология факультетінің 1-курс студенттері

 

6 студент – жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттері

 Жалпы саны 6 команда қатысқан олимпиадада ҚазҰУ студенттері түрлі командалардың құрамында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Нәтижесінде, біздің студенттер қатысқан командалар 1-ші және 2-ші орындарды жеңіп алды!

 

1-орын — Mission Possible  командасы:

Даутхан Жанерке

Нурпейс Жаннара

Жейдебай Бейбіт

Қанат Іңкәр

Амантай Айдана

 2-орын — Яркие зубы командасы:

Мақұлбек Әсем

Кувандикова Арайлым

Қали Нурғали

Нургабулов Музарт

 Олимпиада барысында студенттерге Іргелі медицина кафедрасының оқытушысы Аралбаева Арайлым жетекшілік етті. Сонымен қатар, куратор әрі бақылаушы ретінде SCOME LC KazNU офицері Адилбекова Сабрина Муратовна қолдау көрсетті.

 Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым мен медицина жолындағы жарқын жетістіктеріңіз мол болсын!