Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтті.Farabi University

Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтті.

5 мамыр, 2025

Жеңіс күні қарсаңындағы қабылдау

5 мамырда Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – қарт адамдарға, мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Акция аясында қала тұрғындары клиникамыздың жетекші мамандарынан білікті кеңес алды:

👩‍⚕️ Құрманова Гаухар Медеубаевна – гепатолог-гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі;
👩‍⚕️ Садыкова Шолпан Сауатбековна – гепатолог-гастроэнтеролог, инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі;
👩‍⚕️ Тұрысбекова Сәуле Тлеубергеновна – невропатолог, ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР бас невропатологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
👩‍⚕️ Зординова Карямет Ахметовна – пульмонолог, ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
👩‍⚕️ Салимова Сүйүмбике Сәлимовна – пульмонолог, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты;
👩‍⚕️ Ақанова Күлнәр Ғазизовна – терапевт, кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының доценті;
👨‍⚕️ Рысбеков Ерсұлтан Рғалбекұлы – кардиолог, ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті;
👩‍⚕️ Тыналиева Шынар Айтжановна – кардиолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы.

Іс-шара барысында 70 науқасқа медициналық көмек көрсетілді.

Ашық есік күніне Наурызбай ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар қатысты.

Мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіледі – бұл халықтың жетекші тар бейінді мамандардан кеңестік және диагностикалық көмек алуына мүмкіндік береді.