Гүлсім Мәжкенқызы Шәріпова «Ерен еңбегі үшін» медалі марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Құқықтық факультеті, атап айтқанда Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы көпжылдық еңбегімен танылған ұстаз – Шәріпова Гүлсім Мәжкенқызының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталғанын қуана хабарлайды.
Гүлсім Мәжкенқызы 30 жылдан астам уақытын жоғары білім беру мен құқық саласына арнап келеді. Ол студенттерге білім беріп қана қоймай, отандық ғылым мен құқықтық білімді дамытуға үлкен үлес қосты.
«Ерен еңбегі үшін» медалі – оның кәсіби шеберлігі мен қоғам алдындағы адал қызметінің айқын дәлелі. Бұл марапат – университет ұжымы мен әріптестерінің Гүлсім Мәжкенқызына деген терең құрметінің көрінісі.
Құқық факультетінің ұжымы ардақты әріптесін шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен жаңа табыстар тілейді!
Басқа жаңалықтар


