Кан Александр Герасимович «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті Кан Александр Герасимовичтің «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталғанын зор мақтанышпен хабарлайды. Александр Герасимович — заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, жоғары оқу орнындағы білім беру және ғылым саласына елеулі үлес қосып келе жатқан ғалым-оқытушы.
Ол қылмыстық құқық және оған іргелес пәндер бойынша сабақ жүргізіп, студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар жас зерттеушілерге ғылыми жетекшілік жасап, академиялық ортада білім мен тәжірибені үйлестіре отырып, оқу және зерттеу процестерін ұштастырып келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалі — оның көпжылдық еңбегі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ жоғары кәсіби деңгейінің дәлелі. Бұл марапат оның ғылыми-педагогикалық қызметінің маңыздылығын және әріптестері тарапынан білдірілген зор құрметті айғақтайды.
ҚазҰУ заң факультетінің ұжымы Александр Герасимовичті шын жүректен құттықтап, денсаулық, шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілейді!
Басқа жаңалықтар


