ҚазҰУ студенті Шудабай Алмас University Chess Cup турниріндеFarabi University

ҚазҰУ студенті Шудабай Алмас University Chess Cup турнирінде

24 сәуір, 2025

2025 жылдың 22-23 сәуір күндері Алматы қаласында өткен University Chess Cup шахмат турнирінде ҚазҰУ Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының студенті Шудабай Алмас 1-орынға ие болып, жоғары шеберлігін танытты.

Қазақстанның 35 жоғары оқу орнынан ең үздік студенттер қатысқан бұл беделді жарыс кезінде Алмас командалық есепте де үлкен жетістікке жетіп, өзіне сенімді ойын үлгісін көрсетті. Оның жеңісі ҚазҰУ-дың жеңісіне қосқан елеулі үлес болды.

Шудабай Алмасқа жеңістері мен болашақтағы жетістіктері үшін зор ықыласымызды білдіріп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруын тілейміз.

Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі
Абайұлы Тұрмұханбет,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты