Жаңа Білім беру бағдарламалар тобы ашылды

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 204 "Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, "Математикалық және компьютерлік модельдеу" (МКМ) жаңа оқыту тобы қосылды.
Бұл шешім "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандығының мемлекеттік деңгейде танылуын, болашақ студенттер үшін нақтырақ таңдау критерийлерінің қалыптасуын және мамандықтың заманауи білім стандарттарына толық сәйкестігін растайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультеті осы бағыт бойынша білім берудің сапасын үнемі жетілдіруде. Жаңа тестілеу тобының пайда болуы болашақ студенттерге біздің университетте осы мамандықты таңдауға қосымша мүмкіндік береді.
Толық ақпарат алу үшін университеттің ресми сайтын қараңыз немесе қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.
Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі
Абайұлы Тұрмұханбет,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты
Басқа жаңалықтар

